Елдің алдыңғы қатарлы гуманитарлық жоғары оқу орнында білім алу

Білім алудың тәжірибелік нәтижесі

Түлектердің 100% жұмысқа орналасуы және сенімді маңсаптық жоғарлау
2 мемлекеттік диплом алу мүмкіндігі: жоғары білім туралы және кәсіби аудармашы
98% жұмыс берушілердің түлектер дайындығының сапасына қанағаттануы

Оқу бағдарламасын таңдап береміз

Құпиялылық саясатымен келісемін және жеке деректермен танысуға және оларды өңдеуге келісімімді беремін

Қашықтықтан оқытатын дайындық курстарына жинақ жүргізу

  • Қабылдау емтихандарына сәтті тапсыруға дайындық жүргізу

  • Білім алу бойынша жеңілдіктер алу мүмкіндігі

  • Конкурстан тыс университетке қабылдану

  • Оқуға түсудің ыңғайлы және қауіпсіз формасы

  • Әрбір пән бойынша тапсырмала рды терең өңдеу

  • Оқытудағы жеке тілдесу

  • Іс жүзіндегі тәжирибесі бар эксперт - оқытушылар

  • Үлгерімді бақылау және материалды меңгерудегі деңгейлік тексеру

  • Студенттікөміргетолығыменкірігу

  • Кез келген қаладан өзіңізге ыңғайлы жерден білім алу мүмкіндігі

Оқытылатын пәндер

Орыс тілік

Қоғамтану

Математика

Ресей тарихы

Информатика

Биология

Шет тілі

Әдебиет

Актерлік өнер

Музыкалық звукорежиссура

Орыс тілік

Қоғамтану

Математика

Ресей тарихы

Информатика

Биология

Шет тілі

Әдебиет

Актерлік өнер

Музыкалық звукорежиссура

Оқуға түсуге дайындық

Университетке түсуге кепілдік беру және емтихан тапсыруға тиімді дайындық жүргізу .
СПбГКУ АФ дайындық курстары – бұл талапкерлерге, мектеп бітіруші оқушыларға және т.б. білім алуға тілек білдірушілерге Бас университет пен Алматы филиалында қабылдау емтихандарына сәтті дайындалуға берілген мүмкіндік.
Сабақтар 1 ай ішінде жүргізіледі, әрбір пән бойынша 12 сағат жоспарланған, сабақтар аптасына үш рет сағат 15:30 – дан 18:00 – ға дейін жүреді..
Оқытылатын пәндер тізімі талапкердің таңдаған дайындық.
Дайындық курсына жазылу үшін келесі құжаттарды беру керек:
Мектептен немесе басқа да оқу мекемесінен алынған анықтама
Жеке куәлік көшірмесі
3х4 көлеміндегі 3 фотосурет

Университет - кәсіпқой маман жасайтын өмір салты

СПбГКУ–де білім алу – бұл тек оқу ғана емес. Бұл бірден-бір алдыңғы қатарлы технологиялар мен материалдық база.

Әлемдік жоғары мәдениет саласына кіру. Тұлға қалыптастыратын орта.

Денсаулық үшін жауапкершілік және қауыпсіздік.

Санкт-Петербург қаласындағы Бас жоғары оқу орнында білім алу

Түлектерді 100 % жұмыспен қамтамасыз ететін алдыңғы қатарлы білім алу жүйесі
Керемет профессорлық-оқытушылық құрам
Үлкен болашағы бар мамандықтар бойынша дайындық
Жеке-дара кампус: өмір сүруге, ғылыммен және оқумен айналысу үшін қарастырылған материалдық база.
Қарым-қатынас жасау ортасының жоғары сапасы, жайлы психологиялық климат
Профессорлық- оқытушылық құрамның, студенттер мен олардың ата-аналарының бірлескен іс-әрккеттерінің негізінде жатқан дәстүрлі құндылықтар
Университет өміріне әлемдік ғылыми және мәдени элитаның тұрақты қатысуы
Санкт-Петербург
Гуманитарлық Кәсіподақтар
университетінің Алматы
филиал туралы

1984

Алматы филдиалының құрылу жылы

5

Білім беру бағдарламалары

20 000

Түлектер

СПбГКУ АФ туралы баспасөз беттерінде

Толығырақ

СПбГКУ АФ неге таңдайды?

Әскери міндеттін атқару борышын кейінге ысыру
Ресей мемлекеттік үлгісіндегі диплом
Білім алудағы жеңілдіктер
Ыңғайлы жатақхана
Сәтті жұмысқа тұру
ҰБТ және КТА нәтижелерінсіз оқуға түсу
Икемді төлеу жүйесі
Жоғары деңгейлі профессорлықоқытушылық құрам
Күндізгі, сырттай және жартылай сырттай оқу формалары

Фотогалерея

Дайындық бағыттары

Қолданбалы информатика
Информатика саласы бойынша терең білім беретін және экономика, маркетинг пен менеджмент салалары бойынша кәсіби білім алуға мүмкіндік беретін кең профильдегі мамандық Қолданбалы информатика бизнес саласында ақпараттық және коммуникациялық жүйелерді жобалауды, дамытуды, қолдануды зерттейді. Бүгінде ақпараттық технологиялар бойынша мамандарынсыз ешбір коммерциялық құрылым немесе мемлекеттік ұйымдар жұмыс жасай алмайды.
Негізгі кәсіби қызмет түрлері:
Түрлі профильдегі кәсіпорындардың, муниципалдық мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың ІТ –бөлімдері;
Халықаралық ұйымдар, басқару органдары, министрліктер, ведомстволар;
Банктік, салықтық; провайдерлік және компьютердік фирмалар;
Туристік фирмалардың, оқу орындарының, мұражайлардың, кітапханалардың және т.б. мекемелердің ІТ бөлімдері;
Инвестициялық, сақтандыру компанияларының және консалтингтік фирмалары;
Мәдениет саласының мемлекеттік басқару органдары;
Бұқаралық ақпарат құралдары;
Жарнама компаниялары, PR-агенттіктері;
Маркетинг бөлімдері;
Қосымшаларды дайындау және деректемелер базасын құрастыру.
Психология
Психолог – адамның жүріп тұрысын зерделеп, тұлғаны зерттеумен айналысатын маман. Ол өз білімін түрлі қиын жағдайға қалған адамдарға көмек көрсету үшін қолданатын, сонымен бірге олардың тұлғаралық қарым-қатынаста,кәсіби қызметінде, ұжым ішіндегі жеке дау-дамайларды шешуге жұмсайтын қызметкер.
Негізгі кәсіби қызмет түрлері:
Бизнес:
Коммерциялық фирмалардың қызметкерлерімен жұмыс жасау бөлімдері; ;
Тренингтік орталықтар;
Консалтингтік фирмалар;
Қызметкерлерді іріктеу агенттіктері;
Жарнамалық және PR-агенттіктері;
Спорт клубтары және бірлестіктер;
Сауда компаниялары және сауда желілері.
Мемлекеттік қызмет:
Мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлермен жұмыс жасау бөлімдері;
Мемлекетік жұмыспен қамту бөлімшемелері;
Психологиялық қолдау, әлеуметтік бейімдеу және көмек көрсету орталықтары;
Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігінің бөлімшелері.
Білім және ғылым:
Балабақшалар;
Мектептер және колледждер;
Жоғары оқу орындары;
Мемлекеттік ғылым орталықтары; бизнес-құрылымдарының және қоғамдық ұйымдардың зерттеу бөлімшемелері.
Әлеуметтік-мәдени қызмет
ӘМҚ менеджері халықтың барлық топтары арасында мәдени-ағарту, спорттық, сауықтыру және ойын-сауық шараларын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді. Атқаратын қызмет бағыты халықтың демалысын өткізу саласындағы рухани сұранысын қанағаттандыру. Қызмет халықтың бос уақытын, демалысын және көңіл көтеруін ұйымдастыруды көздейді, шығармашылық бағыттағы үйірме және студия жұмысын, спорт бойынша секция жұмысын, көркемөнерпаздар бірлестіктерінің жұмысын, оқу курстары мен қосымша білім беру бағдарламаларын біріктіреді. Бұл мамандық әлемде ең маңызды және сұранысқа ие мамандықтардың бірі болып табылады, қазіргі таңда қоғам өзінің бос уақытын өткізуге, олардың шығармашылық қабілеттері мен дамуына үлкен ықылас бөле бастады. Әлеуметтік-мәдени саласының мамандары басқалар демалатын жерде жұмыс істейді.
Негізгі кәсіби қызмет түрлері:
Түрлі бейіндегі мәдени-демалыс мекемелерінің маркетинг бөлімдері;
Туризм саласындағы мемлекеттік басқару органдары;
Меншіктің әртүрлі нысанындағы қонақ үйлер;
Туристік компаниялар;
Коммерциялық және коммерциялық емес туристік ұйымдар (клубтық туристік ассоциациялар, туристік ассоциациялар және қоғамдар
Экономика
Экономист – бұл заманауи мамандық. Бұл макро және микро деңгейде экономикалық процестерді талдау әдістерін, сондай-ақ шешім қабылдау әдістерін меңгерген, экономиканың жұмыс істеуінің теориялық негіздерін кеңінен білетін маман. Экономисттің жұмысы өндірістің тиімділігі мен табыстылығын, өнім сапасын арттыруға және жаңа түрлерін игеруге, материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды оңтайлы пайдалана отырып, жоғары түпкілікті нәтижелерге жетуге бағытталған.
Негізгі кәсіби қызмет түрлері:
Мемлекеттік және аймақтық билік органдары мен басқару органдары;
Шағын, орта және ірі кәсіптің мемлекеттік және жеке кәсіпорындары;
Бірлескен кәсіпорындар мен ұйымдар;
Халықаралық корпорациялар;;
Коммерциялық банктер, сақтандыру және инвестициялық компаниялар, инвестициялық қорлар, лизингтік және факторингтік компаниялар, қор және валюта биржалары;
Риэлторлық фирмалар мен ипотекалық несие агенттіктері;
Қонақ үйлер, спорттық-сауықтыру орталықтары, демалыс және ойын-сауық индустриясының ұйымдары;
Мейрамхана кәсібініңі кәсіпорындары;
Консалтингтік фирмалар мен бағалау компаниялары;
Қаржы институттары (банктер, салық органдары, зейнетақы қорлары, сақтандыру агенттіктері).
Құқықтану
Заңгерлер – заңдардың қолданылуын түсіндіру, мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, лауазымды адамдар мен азаматтардың қызметінде заңдылықты қамтамасыз ету, құқық бұзушылық фактілерін анықтау және айқындау, кінәлі тұлғаларға жауапкершілік пен жазалау шараларын анықтау, халыққа құқықтық көмек көрсету. Заңгер мамандығы – ХХІ ғасырдағы ең беделді және сұранысқа ие мамандықтарының бірі. Бизнес пен саясат, коммуналдық және әлеуметтік сала заң ғылымымен тығыз байланысты.
Негізгі кәсіби қызмет түрлері:
Құқық қорғау органдары (прокуратура, соттар, полиция және т.б.);
Заң шығарушы және атқарушы билік органдары;
Салық құрылымдары;
Кеден;
Нотариалдық кеңселер;
Адам құқықтарын қорғау органдары;
Заң бөлімдерінің ұйымдары;
Жоғары оқу орындары.
Бас университеттің мамандықтары
Мәдениет факультеті:
Журналистика
Тіл білімі
Жарнама және қоғаммен байланыс
Қоғамдық жұмыс
Өнер факультеті:
Өнер тарихы
Музыкалық дыбысжериссурасы
Кино және телережиссура (мультимедиялық бағдарламаларды режиссурасы)
Театр режиссурасы
Актерлік шеберлік
Халықтық өнер мәдениеті (Хореография. Халық биі. Бал биі. Заманауи би)
Экономика факультеті:
Экономика
Менеджмент
Заң факультеті:
Заңтану
Конфликтология факультеті:
Конфликтология

Аудиторияларды жалдау

Біздің серіктестер

Университет студенттер көзімен

  • «Мен ұстаздарыма олардың бізге берген білімдері үшін, әр оқушыға өзіндік көзқарасын тапқаны үшін шексіз алғыс айтамын. Зейін мен қамқорлық қатаңдықпен біріктірілді. Білім берудегі шығармашылық көзқарас қызықсыз дәрістердің жоқтығынан, керісінше, әр студенттің қатысуы мен белсенділігін қажет ететін қызықты, жанды сабақтардың өтуінен көрінді. Карибаев Александр

    Карибаев Александр

  • «Мен басқа оқу орындарының студенттерінен «оқу бір бөлек, ал жұмыс мүлдем басқа», «менің білімім маған тек «құжат» берді», «мен жұмыс орнында ғана кәсіпқой болдым» дегенді жиі еститінмін... Сонымен, мұның бәрі - заңтану туралы емес. Біз оқудың алғашқы күнінен-ақ бұл мамандыққа тереңінен бойлап кеттік. 2016 жылы біз студент емес – заңгер болдық. Біз үшін заңтану – бұл жұмыс емес, бұл өмір салты, ал АФ СПГКУ – жай ғана оқу орны емес. Университет пен оқытушылар біздің кәсіби ұстанымымызды ғана емес, сонымен қатар ойлау, өмірге, адамдарға деген көзқарасымызды қалыптастырды. Барлық ұстаздарға шыдамдылықтары мен еңбектері үшін алғысымыз шексіз!». Бескараваев Владимир

    Бескараваев Владимир

  • «Бес жылдық оқуымның ішінде мен таңдауыма ешқашан өкінген емеспін. Шынымды айтайын, оқу жылының алғашқы екі курсында құлшыныс аз болады, мен мұны сынақ кітапшама қарап түсіндім. Оған бірнеше себеп бар: біріншіден, мектеп өмірінен студенттік өмірге көшу: сіз өзіңізді жинақтауға, ойыңызды жүйелеуге уақыт таба алмайсыз; екіншіден, пәндер жалпы сипатта болады. Бірақ үшінші курстан бастап сіз немен және кіммен айналысып жатқаныңыз, мұғалімдерді тыңдау қаншалықты қызықты, қаншалықты сағынғаныңыз және қаншалықты тез жету керек екендігіне көз жеткізесіз. Мен үшін бұл таңдаудың дұрыс екеніне көзім жеткен уақыт, бүл үшінші курс болды». Гаврилова Олеся

    Гаврилова Олеся

  • «Қоғамдық-мәдени шараларға кіріскен кезде мен қайда барарымды, не оқитынымды, кейін маған пайдасын тигізе ме, мамандығым бойынша жұмыс таба аламын ба деп ойламадым. Мен дұрыс таңдау жасадым ба? деген қызықты сұрақ тұрды. Жаттығу барысында мен өз таңдауыма ешқашан өкінген емеспін және бұл тамаша уақыт болды деп нық сеніммен айта аламын ... Ең есте қалатын оқиға оқу процесінде өткізген тәжірибелеріміз болды. Еріктілер командасымен біз әртүрлі қалалық іс-шараларға қатысып, көрнекті адамдармен танысып, қажетті тәжірибе жинақтадық. ӘМҚ студенттері үшін маңызды қосымша - ісшаралардың барлығын дерлік біз ұйымдастыратындығымыз және бұл әрі қарай жұмысқа орналасуға көп көмектеседі». Плюхина Алена

    Плюхина Алена

Дәл қазір танымал
университеттің бір
бөлігі бол!

Филиал байланыстары

Тел./факс:

+7 (727) 345 35 04

Мекен-жайы: Алматы қ., Чайковский 9/11 көш.

E-mail: info@gup.kz

Қалай өту керек: «Райымбек батыр» метро станциясынан 500 метр қашықтықта жетуге болады.

Қабылдау комиссиясының консультациясы

Құпиялылық саясатымен келісемін және жеке деректермен танысуға және оларды өңдеуге келісімімді беремін